Талдықорған - Үшарал бағытында газ құбырын тарту керек - мемлекет басшысы
«Талдықорған - Үшарал» бағытында газ құбырын тарту керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысының жұртшылығымен кездесуінде Үкіметке осы жобаны қаржыландыруды тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.
«Қазір көгілдір отын облыс тұрғындарының 10 пайызына ғана қолжетімді. «Алматы - Талдықорған» магистральді газ құбыры салынып, облыс орталығына газ толық берілді. 2025 жылға қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорған қаласының маңына дейін барлық елді мекенді газбен толық қамтамасыз етуді тапсырамын.
Сонымен қатар, «Талдықорған - Үшарал» бағытында газ құбырын тарту керек. Бұл 180 мың адам тұратын Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына газ жеткізуге мүмкіндік береді. Үкіметке осы жобаны қаржыландыруды тапсырамын», - деді президент.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»