Қазақстан жаңалықтар
15 октября 2022, 14:28
Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Түркия Президентіне шахтада болған ірі апатқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.
– Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes