ҚР президенті Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетіп аяқтауды жүктеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
В моем Телеграм канале мы обсуждаем, как закрыть вопрос с клиентами раз и навсегда
«Мемлекет басшысына ішкі нарықты тауарлық газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берілді.
Санжар Жаркешов Қасым-Жомарт Тоқаевқа газ саласын дамытудың кешенді жоспарының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. Аталған жоспарда ресурстық базаны кеңейту, еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғырту және газ саласын реформалау мәселелері қамтылған. Заңнамаға тиісті өзгерістер жыл соңына дейін енгізіледі.
Мемлекет басшысы газ саласын дамытудың кешенді жоспарын одан әрі жүзеге асыруды жалғастыру және Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдету жөнінде тапсырма берді», - делінген Ақорда мәліметінде.
Вам может быть интересно: ««ҚазжолҒЗИ» әр өңір үшін жол төсемдерінің үлгілік конструкцияларын қалыптастырылады»