Қазақстан мен Армения арасында саяси консультациялар өтті
Ереванда Қазақстан мен Армения сыртқысаяси ведомстволарының өкілдері саяси консультация өткізді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Поговорим про рекламные технологии для бизнеса на конференции Яндекса.
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев пен Армения Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Мнацакан Сафарян екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша саяси консультациялар өткізді.
Тараптар достық пен өзара құрмет рухында қазақстан-армян қарым-қатынастарының үдемелі дамуын қанағаттанушылықпен атап өтті. Кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін елеулі резервтер барын айтты. Осыған байланысты нақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асыру үшін қосымша күш-жігер жұмсауға келісті», - делінген мәліметте.
Вам может быть интересно: ««ҚазжолҒЗИ» әр өңір үшін жол төсемдерінің үлгілік конструкцияларын қалыптастырылады»