Екі облыста сот төрағалары тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайты.
Президент Жарлығымен осыған дейін Нұр-Сұлтан қалалық сотының судясы қызметінде болған Жүкенов Арман Серіктайұлы Ақмола облысы бойынша сот төрағасы лауазымына тағайындалды.
Жетісу облыстық сотының төрағасы қызметіне Кененбаев Ержан Әбдірақымұлы тағайындалды. Осы кезеңге дейін Ержан Кененбаев Алматы қалалық сотының судьясы лауазымында еңбек еткен.
Бұған дейін Абай облыстық сотының төрағасы болып Қайрат Чакпантаев тағайындалды. Ол бұрын Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болған.
Вам может быть интересно: «Шольц и Путин впервые с мая обсудили Украину»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes