59 жаңа қазақстандық студент Еуроодақ стипендиясымен Еуропаға оқуға барады
Еуропалық Одақ Өкілдігі биылғы жылы Эрасмус Мундус Бірлескен Магистрлік Бағдарламалары (EMJMD) шәкіртақысының 59 қазақстандық жеңімпазы құрметіне сапар-алды бағдар беру сессиясын ұйымдастырды. Олар Еуропаның 13 түрлі елдеріндегі ең мықты университеттерде әртүрлі тақырыптар мен инновациялық саларарлық пәндерді игереді. Осылайша, 59 студенттен тұратын бұл топты қоса алғанда Қазақстандағы EMJMD студенттерінің жалпы саны 335-ке жетеді.
Жеңімпаздарды қарсы алу және құттықтау кезінде ЕО-ның Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас: «Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімде адами капитал, оның ішінде білім мен денсаулық, және жастар мәселелеріне деген айрықша назар берік бекітілген. Эрасмус+ бағдарламасы Еуропадағы ең үлкен және өте жоғары бағаланатын жетістіктердің бірі және мен біздің серіктес ел - Қазақстанға да оның пайдасын тиетініне қуаныштымын. ЕО жуырда жастардың дамуын қолдау мақсатында аймақтық DARYA (Орталық Азиядағы тапқыр жастар үшін диалог және әрекеттер) бағдарламасын іске қосты. Студенттердің алмасуы адамдар арасындағы байланыстар мен ЕО мен Қазақстан арасындағы байланысты нығайтады», – деді.
Брюссельдегі Білім және мәдениет жөніндегі бас директораттың, Қазақстандағы бірқатар ЕО-ға мүше мемлекеттердің елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ Эрасмус+ бағдарламасының бірнеше түлектері бағдарлама туралы айтып, студенттерге ЕО-да өмір сүру және оқу үшін практикалық кеңестер берді.
Вам может быть интересно: «Главы МВД стран СНГ обсудят совместную борьбу с преступностью»