БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Абдулла Шахид Қазақстанға сапармен келеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахид мырза Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Сыртқы істер министрлігінің басшылығы, ҚР Парламенті Сенатының басшылығы, азаматтық қоғам ұйымдары, сондай-ақ БҰҰ-ның Қазақстандағы елдік тобымен кездесулер жоспарланған. БҰҰ Бас Ассамблеясының Төрағасы бастаған делегация ү.ж. 11-12 тамыз аралығында Қазақстанда болады.

Абдулла Шахид Мальдив Республикасының үкіметі мен заң шығарушы органдарында ұзақ жұмыс істеген көрнекті саясаткер және білікті дипломат ретінде кеңінен танымал.

Гендерлік теңдіктің қайратты жақтаушысы, ол өз елінің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ оның сыртқы қызмет қызметкерлерінің арасында алғаш рет гендерлік теңдікке қол жеткізгенімен белгілі.

Жалғасып жатқан COVID-19 пандемиясының тұсында Шахид мырза халықаралық аренада алғашқылардың бірі болып сөйлеп, жаһандық денсаулық дағдарысының шағын аралдық дамушы мемлекеттердің экономикасы мен қоғамдарына жойқын әсерін атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы дамудың болашақ жоспарлары мен Үкіметтің тұрақты дамуға деген қарқынды ұмтылысы туралы көзқарасты дамыту үшін Қазақстанға арналған қолдауын тереңдетуде. БҰҰ-ның Қазақстандағы жүйесі құндылықтарға, адам құқықтарына негізделген сенімді серіктес болып қала береді. Ұйым жұмысы мемлекет пен қоғамдағы серіктестерге басқарудың ең қажетті кеңестерін, техникалық көмек пен ғаламдық желілерге қол жеткізуге бағытталған. Биыл Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелігінің 30-жылдығы атап өтілуде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте