ТЖ министрі Юрий Ильин Ақтөбе облысының бірқатар нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.
Алдымен Есет батыр шағын ауданындағы және Құршысай ауылындағы жаңадан салынып жатқан өрт сөндіру бөлімдерінің құрылыс жұмыстарын көріп, М.Ғабуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының Ақтөбе қаласындағы оқу орталығының материалдық-техникалық базасымен, білім беру бағдарламаларымен танысты. «Қазхром» ТҰК АҚ Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 4-цехы және №406 Авиажөндеу зауытын аралады.
Сонымен қатар, Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында жасөспірімдермен кездесіп, дарынды жасөспірімдерге сәттілік тіледі.
Бұдан әрі Юрий Ильин Ақтөбе қаласындағы Аманат партиясы ғимаратында азматтарды қабылдап, тұрғындармен кездесті.
Тұрғындармен кездесу барысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, дала және орман өрттерін болдырмау, суға шомылу кезіндегі балалар қауіпсіздігі сұрақтары талқыланды.
Вам может быть интересно: «ҚР ЭГТРМ: Балық аулау құралдарымен заңсыз балық аулау үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі»