Аймағамбетов тұрғындармен есеп беру кездесуін өткіздім

Тұрғындармен есеп беру кездесуін өткіздім. Бұл жолы жиын Түркістан облысында өтті.
Үш сағатқа жуық уақыт бойы 500-ден астам тұрғынның сұрағына жауап бердім.

Халықты көбіне жүйелі мәселелер емес, жергілікті білім беру қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың ден қойып, назар аударуын қажет ететін жеке мәселелер толғандыратынын байқадым.

Оған қоса, сот шешімдерінің апелляциясына және еңбек дауларына қатысты да сұрақтар айтылды.

Сонымен қатар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуде аудандық бөлімдер мен облыстық білім басқармаларының Оқу-ағарту министрлігіне бағынуының маңыздылығы, директорларды ротациялау, мектептердегі педагог-ассистенттер санын көбейту, колледждерді бейінді министрліктің тікелей басқаруына беру, мектептер мен балабақшаларды жабдықтау туралы мәселелер көтерілді.

Көптеген сұрақ облыстағы мұғалімдер мен мектеп директорларының қарым-қатынасына қатысты болды. Мұндай антирейтингте Түркістан облысы республика бойынша «көшбасшы» саналатынын атап өткім келеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте