Қазақстан жаңалықтар
4 июля 2022, 20:27
Төрт гарнизонда 825 млн теңгенің мүлкі мен қорғаныс құралдары ұрланған – әскери прокуратура
Әскери прокуратура мамандары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды қадағалаушы органның ресми сайты.
«Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 млн теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сот алды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды», - деп жазды ведомство.
Тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.
Вам может быть интересно: «ҚР ЭГТРМ: Балық аулау құралдарымен заңсыз балық аулау үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіледі»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes