Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың халықпен кездесуі

Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Е.Жамаубаев Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен есеп берді.

Жаңа жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнесті дамыту, сондай-ақ бюджеттік жоспарлауды жетілдіру, салықтық және кедендік әкімшілендіру мен ішкі мемлекеттік аудитті цифрлық трансформациялау және тағы да басқа мәселелерге басты назар аударылды.

Сонымен, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде оң динамика байқалады. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 5 айында өндірістік өнеркәсіп өнімінің көлемі тиісінше 3,1%-ке, жалпы өндірістік өнім 5,2%-ке, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 8,6%-ке, құрылыс 15,4%-ке, сауда 5,5%-ке, көлік және қоймалау 20%-ке және байланыс 16,2%-ке ұлғайды.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.
2022 жылға Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті бюджетіне түсімдер 585,1 млрд. теңге сомасында жоспарланған.
01.06.2022 ж. түсімдер 319 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкестік кезеңімен салыстырғанда 67,2 млрд теңгеге артық.

Нұр-Сұлтан қаласы бюджетінің ағымдағы жылға арналған шығыстары 636,3 млрд. теңге сомасында жоспарланған. 01.06.2022 жылға 279,5 млрд. теңге сомасында шығыстар өндірілді. Орындалмаған – 7,8 млрд. теңге.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша елордада 28 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Биыл тағы 28 мың орынды құру жоспарлануда, оның 22 мыңы – кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында. Жұмыс істеп тұрған жалпы аймақтық өнім субъектілерінің саны 12,6%-ке өсіп, 163 мың бірлікті құрады.
Қалада 165 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері, оның ішінде 106 мыңға жуық жеке кәсіпкерлер жұмыс істейді. Шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылғандар саны 416 мың адамды құрайды.

Жаңа Қазақстан халықтың өмір сүру сапасын түбегейлі жақсартуды және Ұлттық кірістерді дұрыс қайта бөлуді талап етеді. Осыған байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша да басым міндеттерін іске асыру жөнінде нақты шаралар қабылданатын болады.

Кездесу барысында Е.Жамаубаев елорда тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, баспасөз конференциясына қатысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ағымдағы мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте