ҚР СІМ-де қазақстандық-француз іскерлік ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ҚР «Alstom» компаниясының Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия аймағы бойынша басшысы Эндрю Делеонимен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан аумағында машина жасау саласында іске асырылып жатқан және перспективалық жобалардың ағымдағы мәселелерін талқылады. Э.Делеони «Alstom» компаниясының еліміздегі жаңа жоспарлары туралы хабардар етті.

Өз кезегінде М.Тілеуберді Үкіметтің компанияның инвестициялық жобаларына қажетті қолдау көрсетуге және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайын екенін атап өтті. 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте