Нұр-Сұлтан қаласының су айдындарында судың сапасы мен қауіпсіздігі тексерілді
Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жазғы кезеңде қала шегінде орналасқан, оның ішінде шомылуға және демалуға арналған орын ретінде пайдаланылатын ашық су қоймалары суының сапасына зертханалық зерттеулерге су іріктеумен мониторинг жүргізді.
Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінен және Нұра-Есіл каналынан алынған барлық су сынамаларында санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша сәйкессіздіктер анықталды, атап айтқанда түсі бойынша 2,71 есе, темір мөлшері бойынша 2,3 есе және оттегін химиялық тұтыну бойынша (ХПК) 1,87 есе асып кету анықталды.
Шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек, яғни мүмкіндігінше тезірек гигиеналық душ қабылдап және ешқандай жағдайда су қоймаларынан су ішпеу керек.
Белгіленбеген жерлерде шомылу, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қауіп төндіретіндігі жайлы ескертеміз.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»