Кәсіпкерлік қызмет көрсету саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері талқыланды

ҚР ИИДМ-де кәсіпкерлік қызмет көрсету саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Жиынға көлік, құрылыс, өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, қосалқы қызмет көрсету салаларындағы жұмыс топтарының мүшелері қатысып, реттеушілік актілерге талдау жүргізу негіздері түсіндірілді.

Айта кетерлігі, бұған дейін ҚР ИИДМ «таза парақтан» мемлекеттік реттеу жөніндегі салалық жұмыс тобының құрамын жариялаған болатын. Аталған жұмыс тобының құрамына «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен бизнес өкілдері, сарапшылар кіреді. Сонымен бірге, ведомстволық реттеушілік актілерін қайта қарау және кәсіпкерлік нысандарына қойылатын міндетті талаптарды тиісті тізілімге енгізу бойынша ауқымды жұмыстардың жоспары айқындалған болатын. Аталған тізілім кәсіпкерлік ортаға теріс ықпал ететін факторларды анықтап, оған тосқауыл қоюға мүмкіндік береді.

Талдау жүргізу мерзімдері туралы ақпарат қосымша жарияланып отыр:

- кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу – орындау мерзімі 25 шілдеге дейін;

- құрылыс – 25 тамызға дейін;

- өңдеу өнеркәсібі – 25 қарашаға дейін;

- ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет – 2023 жылғы 25 ақпанға дейін.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте