Ұлттық экономика министрлігі жанындағы ККО мен жұмыс топтары 3 есеге қысқартылды
Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтары 3 есеге қысқартылды.
Бұл жұмыс «Мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес жүргізілді.
ККО мен жұмыс топтарының саны 73-тен 24-ке дейін, яғни 67%-ға қысқартылды.
Ведомствоаралық үйлестіру барысында және халықпен өзара іс-қимыл кезінде отырыстар өткізу үшін онлайн-платформаларға көшу жүзеге асырылды.
Бұл шаралар мемлекеттік аппараттағы бюрократия мен әуре-сарсаңға салуды одан әрі болдырмау мақсатында Министрлікте шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»