Арал ауданының құрылыс жобалары талқыланды

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың төрағалығымен құрылыс нысандарының жобаларын қарау жөніндегі кеңестің кезекті отырысы Арал ауданына арналды.

Аудан әкімі 19 млрд теңгенің 112 құрылыс жобасын ұсынды.

Бірақатар әлеуметтік нысандардың құрылысы кезектілікке қойылып, қосымша талдауға жіберілді. Ал, инфроқұрылым жүйесі мен нысандардағы жылу жүйелерін газға ауыстыру ұсыныстары бірден-ақ қолдау тапты.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында да мәселелерді шешу жайы ұсынылды.
Айта кету керек, бұған дейін кеңес отырысында Қазалы, Сырдария, Қармақшы және Жалағаш ауданының әкімдері өз жобаларын қорғап шықты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте