Ақпанда қамалған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметіне қайта кірісті
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов қызметтік міндеттерін атқаруға қайта кірісті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Бұдан бұрын хабарланғандай , Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғаны туралы ақпарат 24 қаңтарда жарияланған.
Қаржы мониторингі агенттігі бұл деректі 4 ақпанда ресми растады.
Шенеуніктің екі айға қамауға алынғаны хабарланды.
Ғалымжан Ниязов сұйытылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған. Оған қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылды.
17 ақпанда сот тергеушінің бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды.
Осы уақыт бойы әкім орынбасары жалақысыз еңбек демалысында болған.
Вам может быть интересно: «Подпольное казино выявили в одном из кафе города Костаная»