ҚР ИИДМ жолаушылар пойыздарының жазғы маусымда жүруі туралы ақпаратты ұсынады
Жазғы маусымда жолаушыларды тасымалдау үшін министрлік 158 жолаушылар пойызын іске қосуды жоспарлап отыр.
Пойыздарды жазғы тасымалдауға дайындау аяқталуда. Жолаушылар тасымалын «Жолаушылар тасымалы» АҚ 107 пойыз және 12 жеке тасымалдаушыдан 30 пойыз іске асырмақ.
Сонымен қатар Алакөл көлі бағытында 11 бағыт қарастырылып отыр.
Нұр-Сұлтаннан:
- №54/53 «Нұр-Сұлтан НЖ-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет);
- №258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет);
- пойыздар құрамындағы тікелей вагондар №121/122 Нұр-Сұлтан-Семей және № 6941/6942 «Ақтоғай-Достық». Тасымалдаушы «АрайТрансKZ» ЖШС (бір күннен кейін).
Алматыдан:
- №221/222 «Алматы-2-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 3 рет);
- №137/138 «Алматы-2-Достық». Тасымалдаушы «Vagon Service Almaty» ЖШС (аптасына 3 рет);
- №21/22 Қызылорда-Семей және №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» пойыздар құрамындағы тікелей қатынайтын вагондар. Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бір күннен кейін);
Сонымен қатар «Тальго» вагондарымен 2 маршрут ұйымдастыру жоспарланған:
- №211/212 «Алматы-2-Достық» жиілігі - бір күннен кейін;
- №453/454 «Алматы-2-Достық» жиілігі - аптасына 3 рет.
Шығыс Қазақстан облысынан:
- №459/460 «Өскемен-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бір күннен кейін);
- №6941/6942 «Ақтоғай-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (күнделікті айналымда).
Абай облысынан:
- №457/458 «Семей-Достық». Тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (бір күннен кейін).
Жазғы маусым кезеңінде көршілес елдерге мемлекетаралық 21 пойызды іске қосу жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда Қазақстаннан «Атырау-Астрахань», «Алматы-Ташкент», «Нүкіс-Бейнеу» бағыттары бойынша пойыздар жүруде. Сонымен қатар осы жылдың маусым айынан бастап «Қарағанды-Самара», «Қарағанды-Омбы», «Алматы-2-Қазан» бағыттарындағы пойыздар тағайындалды.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»