Энергия үнемдеу саласына инвесторлар керек

Қазақстанда энергия үнемдеу саласына инвесторлар тарту мәселесіне көңіл бөлінуде. Атап айтқанда, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» акционерлік қоғамы «Қазақстанда энергия үнемдеу саласына инвесторлар тарту үшін жағдай жасау» жобасын қолға алуда.

Бұл бастама екінші деңгейдегі банктер тарапынан энергосервис компанияларының энергия үнемдеу жөніндегі жобаларын қаржыландыруға ұсынатын кредиттеріне кепілдік беруге бағытталған.
Жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрайтын бұл жоба 2021–2026 жылдардың аралығында жүзеге асырылады деп жоспарланған.

Аталған жоба Қазақстандағы ғимараттардың, инфрақұрылымдардың, басқа да нысандардың энергия тиімділігін ілгері жылжытуға бағытталған. Сондай-ақ, ол шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің экономикалық дамуы мен тұрақтылығын ынталандырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға септік етуі тиіс.

Айта кету керек, жоба мақсаттары еліміздің «жасыл экономикаға» көшу Тұжырымдамасына сәйкес келеді.

ҚР ИИДМ

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте