Түсті металлургия өндірісі қайта қарқын алды

2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде түсті металлургия саласындағы өндіріс көлемі 6,1%-ға артты. Осы кезеңде отандық кәсіпорындардың бірқатарының өндірістік қуаты айтарлықтай нығайып, күшейе түскені байқалды, деп хабарлайды ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Мәселен, «Қазақмыс» корпорациясының өндірістік алаңдарында кен өндіруді және өңдеуді арттыру жөніндегі стратегиялық жоспар жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында комапния тазартылған мыс шығару үлесін 10%-ға, құйма алтынды 7%-ға және түйіршіктелген күміс өндірісін 1%-ға ұлғайтты.

Аталған кезеңде мырыш, қорғасын, мыс және бағалы металдар өндіруші отандық «Қазмырыш» металлургиялық компаниясы да оң нәтижелерге қол жеткізді. Кәсіпорын катодты мыс және тазартылған күміс өндірісін едәуір арттырған. Айта кету керек, «Қазмырыш» компаниясының барлық өндірістік алаңы мен қосалқы бөлімшелері бірыңғай интеграцияланған өндірістік тізбекке енгізілген. Карьерлер мен кеніштерде өндірілетін шикізат бастапқыда кен байыту фабрикаларында қайта өңделеді. Содан кейін металлургиялық кешендерге жолданып, сапалы дайын өнім шығарылады.

Биылғы жылдың алғашқы үш айында «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты да тазартылған алтын өндіру көлемін 33%-ға ұлғайтқан. Кәсіпорын Бағалы металдар нарығына қатысушылардың Лондон қауымдастығының «Good Delivery» тізіміне енгізілген. Айтқандай, өнім жеткізушілердің «Good Delivery» сертификатына ие компаниялардың бағалы металдары әлемдік биржаларда саудаға шектеусіз қабылданады. Бұл, өз кезегінде, «Тау-Кен Алтын» маркасымен шығарылатын тазартылған алтынның нарықтағы құнын айтарлықтай арттырады.

Сол сияқты, отандық мыс өнімін өндіруші «Коунрад мыс компаниясы» да өндіріс қуаттылығын арттырып, катодты мыс өндірісін 4%-ға өсірген.

ҚР ИИДМ

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте