Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Закиржан Кузиев ант берді.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін», - деді З. Кузиев.
Сонымен қатар жалпы отырыста палата депутаттары Закиржан Пірмухамедұлын Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына сайлады.
Бұған дейін хабарланғандай, сәуір айының соңында Мәжілістің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан Закиржан Кузиев сайланды.
Вам может быть интересно: «ФАО: глобальное обезлесение замедляется, но тропические леса по-прежнему в опасности»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes