Сыртқы істер министрінің орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ермұхамбет Болатпекұлы Қоныспаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Ермұхамбет Қоныспаев 1976 жылы 8 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Рейн-Вестфалия техникалық университетін бітірген.

Дипломатиялық мансабын 2001 жылы ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі қызметінен бастаған. Қазақстанның Германия мен Аустриядағы елшіліктерінде жұмыс істеді.

2008 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде аға кеңесші болды. Кейін, ҚР СІМ Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары болды, ал 2017 жылы ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

ҚРСыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін 2019 жылғы тамыз айынан бастап Майндағы Франкфурт қаласында ҚР Бас консулы болды. І сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте