Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар баланы көлік қағып кетті

Елордада самокат теуіп келе жатқан үш жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі Мыңарал көшесіндегі үйдің аула аумағымен келе жатып, солға бұрылар сәтте самокатпен келе жатқан 2019 жылы туған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бүлдіршін дене жарақатын алды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша істің мән-жайын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

«Биылғы жылдың басынан бері қала аумағында кәмелетке толмағандардың қатысуымен 14 жол-көлік оқиғасы тіркелген, мерт болғандар жоқ»,-делінген хабарламада.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте