Қазақстан «Орталық Азия + Жапония» диалогы сыртқы істер министрлерінің 8-ші кеңесіне қатысты

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов Орталық Азия өңірі мемлекеттері мен Жапония арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бейнеконференция режимінде «Орталық Азия + Жапония» диалогының 8-ші министрлік кездесуіне қатысты.

Өткен үш онжылдықта Орталық Азия елдері мен Жапония арасында барлық бағыттарда жемісті ынтымақтастықтың айтарлықтай тәжірибесі жинақталған, екіжақты және көпжақты форматтарда сындарлы диалог жолға қойылған, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл серпінді дамып келеді.

Ә.Тұрсынов өз сөзінде еліміздің кеңейтілген стратегиялық әріптестік аясында Жапониямен қарқынды дамып келе жатқан жан-жақты ынтымақтастықты жоғары бағалады. Қазақстан тарапы денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, қоршаған ортаны қорғау және т.б. салалардағы өзара іс-қимылды жандандыруды ұсынды.

Жоғары деңгейдегі онлайн-кездесуге қатысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді жан-жақты талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, денсаулық сақтау, экология, тұрақты даму және өңірлік қауіпсіздік салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын белгіледі.

Жапонияның бастамасымен өткен «Орталық Азия + Жапония» Диалогының алғашқы кездесуі 2004 жылы Нұр-Сұлтанда өтті. Формат шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыттары саяси диалог, өңірішілік ынтымақтастықты дамыту, бизнесті көтермелеу, зияткерлік диалог, мәдени байланыстар және адами капиталды нығайту болып табылады. «ОА + Жапония» диалогының кезекті 9-шы министрлік кездесуін ағымдағы жылдың соңына дейін Токиода өткізу жоспарлануда.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте