Петропавл 2-ЖЭО №1-ші түтін мұржасының құлауының алдын ала себептері туралы
Петропавл 2-ЖЭО-дағы №1-ші түтін мұржасының құлауы бойынша ҚР Энергетика министрлігі белгілеген Технологиялық бұзушылықты тексеру жөніндегі комиссияның алдын ала мәліметі бойынша, түтін мұржасындағы түтін газдарының минималды температурасына сәйкес келмейтін бу қазандықтарының жұмыс режимдерінің бұзылуы болып табылады.
Мұржаның бойындағы шығатын газ температурасының төмендеу факторы «шық нүктесінің» шығуына және мұржаның ішкі бетінде су конденсатының пайда болуына, ал конденсат қазандықтан шығатын газдың басқа қоспаларымен (күкірт қышқылы SO2) қосылып, қышқылдарға айналғандығы болуы мүмкін. Қышқылдың әсер етуі бетонның мерзімінен бұрын және түтін мұржасының негізінің бұзылуына алып келді.
№ 1-ші түтін мұржасының техникалық жағдайын анықтау үшін және қазандықтардың пайдалану режимдерін, оның ішінде шығатын газдың температураларын сақтау бойынша сараптамалар жүргізу белгіленді.
Технологиялық бұзушылықты тексеру бойынша комиссия жұмысы бұдан әрі жалғасады.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»