Ағымдағы тәулікте өңірлерде тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ, деп хабарлайды ТЖ министрлігінің ресми сайты.
«Қазіргі уақытта Ақмола және Ақтөбе аймақтарындағы облыстық маңызы бар жолдардың 4 учаскесінде, Қарағанды, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде, Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар учаскесіндегі бір көпірде су тасқыны болып жатыр», - делінген ведомствоның мәліметінде.
Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Нұр-Сұлтан қаласында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күштерімен аула аумақтары мен көшелерден 126,6 мың текше метр еріген қар суы сорылған. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында инертті материалдары бар 4 895 қап төселді.
Дереккөзде бұл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдардан, үкіметтік емес ұйымдардан 657 адам, 156 техника, 74 су сору құралы және 5 жүзу құралы жұмылдырылғаны айтылады.
Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға (қаптар төсеу, топырақ үйіп бекітілген жерлерді нығайту, еріген қар суын сору) 52859 және 68303 әскери бөлімдерінің 55 қызметшісі мен 6 техникасы тартылды.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»