Өзбекстандық қылмыскер Шымкентте жұмыс істеп жүрген

Шымкент қалалық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өзбекстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтап, құрықтады, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты.

30 жастағы деструктивті діни ағымның жақтаушысын бұдан бұрын көрші елдің полицейлері халықаралық іздеуге жарияланған болатын.

«Мигрант» және «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында ұсталған азамат жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып, жергілікті тұрғынның үйінде жалданып жұмыс істегені белгілі болды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның құжаттарын қалпына келтіріп, Өзбекстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдауда», - делінген хабарламада.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте