Қазақстан Елшісі Арменияның Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасымен кездесті
Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Үкіметі жанындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Рустам Бадасянмен кездесу өткізіп, Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында айтылған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасы мен басым әлеуметтік-экономикалық шаралар туралы хабардар етті.
Елші ҚР Үкіметінің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бизнесті қолдау және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыруы туралы хабарлады. Р.Бадасян қазіргі заманғы жаһандық сын-қатерлер мен тұрақсыз экономикалық жағдайда азаматтардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ҚР Президентінің бастамаларын жоғары бағалады.
Тараптар қазақстандық-армян экономикалық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылап, сондай-ақ кедендік және салықтық әкімшілендіру саласында өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу, оның ішінде екі елдің өзара саудасындағы және еуразиялық интеграциялық кеңістіктегі кедергілер мен шектеулерді анықтау және жою мәселелері бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. 2021 жылы екіжақты тауар айналымының 27% өсуінің оң серпіні, сондай-ақ экономикалық ынтымақтастықтың әлеуеті мен өсу перспективалары атап өтілді.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»