Қазақстан әскерінде бақылау сабақтары жаңа пішінде өтеді

Қазақстанның Қарулы күштерінде қысқы оқу кезеңі аяқталуға жақын. Оның қорытындысы бойынша дәстүрге сай әскерлерде бақылау сабақтары өтеді. Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде бұл процесс жаңа пішінде өтпек.

Қарулы күштердің Бас штабы тиісті шараларды жоспарлап отыр. Бұрын әскерлер орналасқан жерде жауынгерлік даярлық пәндерінен өтетін әдеттегі бақылау сабақтарының орнына бұл жолы оқу-жауынгерлік тапсырмалардың орындалуы іс жүзінде тексерілетін болады.

Бақылау сабақтары биылғы жылы сәуірде өтеді. Жеке құрам жауынгерлік техникамен әскери бөлімнен елдің өзге өңіріне жіберілетін болады. Полигондарда тактикалық оқу-жаттығулар мен оқ атулар өткізіледі. Әскери бөлімдер тағайындалған аудандарды тапсырманы алған күні ғана білетін болады.

– Бақылау сабақтарының мұндай пішіні әр бөлімнің жауынгерлік қабілетін, оның ішінде бөлімшелерді алыс қашықтыққа жіберу әзірлігін, командирлердің басшылық ету және өз бетінше шешім қабылдаудағы іскерлігін жан-жақты бағалауға, сондай-ақ жеке құрамды жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге оқытуға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Бас штаб Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы генерал-майор Дәулет Оспанов.

Ел Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы күштердің жауынгерлік әлеуетін арттыру міндетін жүктеп отыр. Бұл ретте әскерлердің ұтқырлығын арттыруға, жеке құрамның жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте