Қазақстан жаңалықтар
25 марта 2022, 09:01
Қазақстан мен Түркия өкілдері әскери ынтымақтастық мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфуқ Экиджимен кездесті.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қорғаныс ведомствосының басшысы биылғы жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.
Осы уақыт ішінде тиімді екі жақты әскери ынтымақтастық, оның ішінде әскери білім беру, жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық салада жолға қойылды.
Кездесу барысында тараптар келешектегі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын талқылады.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes