Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев газ саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді
Облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің шақыруымен жұмыс кездесуіне «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс және маркетинг жөніндегі орынбасары Мейірбек Ихсанов қатысты. Сондай-ақ, аталған жиынға «Конденсат», «КПО б.в.» және «Жайықмұнай» компанияларының басшылары қатысты.
Кездесуге қатысушылар газ өндіру көлемін ұлғайту және газ-химия жобаларын дамыту перспективаларын талқылады. Облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің ұсынысы бойынша қатысушылар осы мәселелер бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдады.
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «QazaqGaz»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мейірбек Ихсанов мұнай-газ компанияларының қызметімен танысады.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»