Бейжіңде Қазақстан президентінің жан-жақты реформалары түсіндірілді

Қазіргі уақытта Қазақстанда болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге Қытай жұртшылығы тарапынан үлкен қызығушылық туындауына байланысты Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі жетекші қытайлық БАҚ-тары үшін онлайн-брифинг ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Қазақстан Елшісі Ғабит Қойшыбаев қатысушыларды ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жарияланған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауының негізгі қағидаларымен егжей-тегжейлі таныстырып, журналистерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Баспасөз брифингке «Renmin Ribao», «Beijing Daily», «South China Morning Post», «Paper News», «Beijing Youth Daily» газеттері, «Қытай» журналы, «CGTN-Русский» халықаралық телеарнасы, сондай-ақ «Renmin Wang», «Сhina News» және «Guangming Wang» жаңалықтар интернет-порталдары сияқты Қытайдың ірі БАҚ өкілдері қатысты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте