Қайрат Қожамжаров Ұлттық қорғаныс университетінде болды

Сенатор Қайрат Қожамжаров Ұлттық қорғаныс университеті мен Нұр-Сұлтан қаласындағы Әскери-ғарыш бағдарламалар орталығында болды. Депутат оқу процесімен және жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, оқу орындарының материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

Сапар барысында университеттің профессор-оқытушылар құрамымен, докторанттар және магистранттармен, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің, университеттің және Әскери-ғарыш бағдарламалар орталығының басшылығымен кездесу болды.

Сенатор өз сөзінде Мемлекет басшысының Жолдауындағы бірнеше өзекті бастамаларды атап өтті. Кездесуде университеттің инфрақұрылым нысандарының құрылысындағы өзекті мәселелер қозғалды, мемлекеттік тілдегі әскери-ғылыми оқу әдебиетінің жоқтығы, университеттің зертханалары мен кафедраларын заманауи компьютерлік техникамен заманауи бағдарламалық өнімдермен уақтылы қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ материалдық-техникалық жарақтандыру мен оқу процесінің басқа да мәселелері атап өтілді.

"Әскери кадрларды даярлау жөніндегі қазіргі заманғы жүйенің икемді және тиімді болуы, бүгінгі заманғы қауіп-қатерге жауап беретін, әскери өнерді дамыту үрдістері мен жаңа кезеңдегі соғыс түрлерін болжай алатын болуы тиіс", - деп атап өтті сенатор.

Сенатор әскери қызметшілердің қызметін заңнамалық қамтамасыз ету, жалпы әскери қызмет, тұрғын үй қатынастары мәселелеріне, сондай-ақ арнайы операциялар мен төтенше жағдайлар кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың лауазымды адамдарының іс-қимылдарын заңнамалық деңгейде бекіту қажеттігіне тоқталды.

Кездесуде сондай-ақ заңнамадағы жаңалықтар, атап айтқанда Сенатта қаралған "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" ҚР Заңына енгізілетін өзгерістердің негізгі ережелері туралы пікір алмасылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте