Сенатор Сергей Ершов әскери мекемелерге барды

Сенатор Сергей Ершов Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында бірқатар әскери мекемелерде болып, әскери қызметшілермен, сондай-ақ облыстық шақыру комиссиясының мүшелерімен және әскерге шақырылушылармен кездесті.

Сенатор әскери қызметшілермен және «Астана» өңірлік қолбасшылығының басшылығымен кездесу барысында ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар туралы айтып берді. Парламентті реформалау, атқарушы билік саласындағы жаңалықтар, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер, партиялық жүйе, қайғылы қаңтар оқиғалары талқыланды.

Сондай-ақ, кездесу барысында Сергей Ершов Сенат депутаттарының өздері бастамашы болған заң жобалары туралы айтып берді. Ұсынылып отырған өзгерістер Қарулы Күштердің әлеуетін одан әрі нығайтуға, әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және олардың әскери қызмет өткеру мәселелерін шешуге қатысты.

Сол күні сенатор облыстық шақыру комиссиясының мүшелерімен және ҚР Қарулы Күштеріне шақырылушылармен кездесті. Депутат әскерге шақырылушылардың медициналық комиссиясынан өту барысымен танысып, дәрігерлермен және әскерге шақырылушылармен әңгімелесті. Кездесу барысында әскерге шақырылушыларды тегін емдеуге, олардың денсаулығына қойылатын талаптарды жеңілдетуге қатысты мәселелер талқыланды.

Депутат барлық ұсыныстарды жұмысқа қабылдап, оларды тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарауға уәде берді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте