Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі президенттің атты жолдауын жүзеге асыру міндеттерін талқылады
Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен іске асыру мәселелері қарастырылды.
Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары А.Ғ. Балаева, ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.А. Әзілханов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі С.Р. Егізбаев, Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н. Шойкин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, уәкілетті органдардың және БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ ҚХА республикалық және өңірлік қоғамдық құрылымдардың басшылары қатысты.
Отырысты ашу барысында А.Балаева «Халқымыз бен мемлекетіміздің тағдырында Жолдаудың орны мен рөлін еліміздің әрбір азаматы терең түсінуі қажет», – деп атап өтті.
Спикердің айтуынша, Жолдаудың басымдықтары мен міндеттері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени даму салаларында жеткен жетістіктерінің жиынтығына негізделеді, ал Жолдау 2019 жылы Президент Қ.Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген саяси реформалардың дәйекті бағытының жалғасы болды.
А.Балаева өз сөзінде 16 наурыздағы Жолдау жаңа Қазақстанның мемлекеттік құрылысында жаңа сапалы кезеңін бастады, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін тұтастықты, жалпыұлттық бірлік пен ынтымақтастықты сақтау негізгі міндет болып қала беретініне назар аударды.
Спикер ҚХА жұмысын жаңа перспективаларды қалыптастыруға және Жолдау міндеттерін іске асыруда жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған проактивті озыңқы сипатқа бағдарлады.
Бұдан әрі А.Балаева Жолдаудың әрбір басымдығының іске асырылуына кеңінен тоқталып, бұл мәселелерде Ассамблеяның орны мен рөлін ашып берді.
Сонымен, ол Сенатқа ұсынылып отырған ҚХА-ның жаңа парламенттік өкілдігі Қазақстанның саяси жүйесін әлемдік демократиялық стандарттарға жақындататынына, ал Ассамблеяның депутаттық мандаттарының маңызы арта түсетіндігіне сенім білдірді. Осыған байланысты ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына ұсынылатын кандидаттарды іріктеу және мақұлдау шараларын әзірлеу ұсынылды.
Партиялық жүйені дамыту аясында ҚХА-ға еліміздегі бейбітшілік пен бірлік және келісім мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастықтың тетігіне айналу міндеті қойылды.
Спикердің пікірінше, Ассамблеяның медиаторлары Жолдаудың қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тұру, сондай-ақ әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты міндеттерін іске асыруға өз үлесін қосуы тиіс.
Этникалық БАҚ мәселесіне қатысты А. Балаева олардың еліміздің қоғамдық өміріне берік интеграциялануы, этникалық көптүрлілікті жариялау бойынша ұлттық контенттің маңызды және бірегей сегментін қалыптастыруы тиіс екенін атап өтті.
Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары «Жаңа Қазақстанға бірге!» атты ауқымды ақпараттық жобаны бастап, оған ҚХА-ның барлық құрылымдары қосылу керектігін ұсынды.
Сонымен қатар ол Ассамблеяның жаңа Азаматтық қоғам институты – «Ұлттық құрылтайға» қатысу мәселесінде барынша жауапкершілік таныту қажеттігі туралы мәлімдеді.
Сөз соңында А.Балаева кеңестің жеке мінде ретінде Ұлттық құрылыстың ауқымды әрі кешенді мәселелерін егжей-тегжейлі талқылап және оны сәуірде өтетін Ассамблеяның кезекті сессиясының талқылауына шығару қажеттігін айтып өтті.
ҚХА кеңесінің мүшелері өз сөздерінде ҚХА-ның кадрлық резервін ұйымдастыру; бірлік саясатын ақпараттық ілгерілету мәселелерін талқылау үшін тұрақты жұмыс істейтін алаң ретінде «ҚХА-медиа» шығармашылық зертханасын және QOGAM LIFE платформасын құру; Достық үйлерінің базасында этномәдени бірлестіктердің Жолдауға қосқан үлесі бойынша «Әркімнің Жаңа Қазақстанды құруға қосқан үлесі» атты республикалық акциясын іске асыру туралы ұсыныстар білдірді.
Сондай-ақ Кеңесте азаматтарға өз ісін ұйымдастыруға қолдау көрсетуге бағытталған «Биік арманға шағын қадам» акциясы басталды.
Кеңес жұмысының соңында Ассамблея мүшелері Жолдаудың міндеттері іске асырылып, Жаңа Қазақстанның мемлекеттік құрылысында жаңа беттер ашатынына сенім білдірді.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»