Елордада Наурыз мерекесіне орай ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
8-22 наурыз аралығында Арнасай, 109 мекенжайында орналасқан павильонда ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Онда Шығыс Қазақстан, Ақмола және басқа да жақын маңдағы облыстардың кәсіпкерлері мен фермерлері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты .
Айта кетейік, елордада жыл бойы жұмыс істейтін жәрмеңкенің есігі келушілер үшін күнделікті ашық. Мұнда азық-түлік тауарларының барлық түрі сатылады: ет, көкөніс, жарма, азық-түлік, сүт өнімдері, кондитерлік өнімдер және т.б. Ал мұндағы баға нарықтан 15-20%-ға арзан.
Айта кеткен жөн, Арнасай көшесі, 109 мекенжайында өтетін жәрмеңке 2021 жылдың желтоқсан айынан бастап күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істеуде.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»