Қос түбі бар сөмкеге жасырып 400 мың доллар әкетпек болған - ҚР ҰҚК

 ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын орындау шеңберінде ү.ж. 15 наурызда шекарашылар Алматы қаласының халықаралық әуежайында елден 400 мың АҚШ долларынан астам ақша әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Айта кетер жайт, бұл ақшаның бір бөлігі қос түбі бар сөмкеде жасырылған.

2022 жылғы 25 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҰҚК Шекара қызметі 900 миллион теңгеден астам сомаға декларацияланбаған қолма-қол ақшаны елден әкетудің алдын алды.

ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқық бұзушылықты болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте