Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Екі ел басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік кооперацияны кеңейтуге мән бере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.
Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді тығыз үйлестіруге баса мән берілді.
Әңгіме соңында Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»