Атбасар ауданының 9 елді мекенінде су тасқынына қарсы жұмыстар жүргізілді

Ақмола облысының Атбасар ауданында көктемгі су тасқынының қаупі жоғары 9 елді мекенінде төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары жүргізді. Қаупі жоғары өңірлерге Атбасар қаласы мен Самарқа, А.Құрманов, Полтавка, Покровка, Борисовка, Новосельское, Садовое, Шуйское ауылдары жатқызылған, деп хабарлайды  облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде өзендегі мұзды жару басталды. Өткен жылмен салыстырғанда биыл қар әлдеқайда көп түскен. Егер былтыр қар жамылғысы 25-30 см болса, биыл 40 см асады», – дейді Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов.

Атбасар ауданы бойынша биылғы 11-14 наурыз аралығында жалпы ауданы 2805 шаршы метр болатын 15 учаскеде мұз жарылып, 187 кг жарғыш қолданылған.

Су басу қаупі бар аймақта 502 тұрғын үй орналасқан, оның ішінде 269 үй Атбасар қаласында, 233 үй ауылдық елді мекендерде тұр. Жалпы Атбасар ауданында халық саны 2000 адам болатын 16 елді мекені су басуы мүмкін аймаққа орналасқан. Осыған байланысты аталмыш елді мекендерде қар шығарылып жатыр.

Айта кетсек, көктемдегі ықтимал төтенше жағдайлар үшін Атбасар ауданында 373 адам, 129 инженерлік, су сорғыш және эвакуациялық арнайы техника, 16 мотопомпа, 6 жүзу құралы тартылатын болады. Сонымен бірге, Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 64 адам, 14 бірлік техника, 3 бірлік жүзу құралдары және 8 бірлік мотопомпа қарастырылған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте