Елордада 8 мектепке қазақтың көрнекті тұлғаларының есімі берілді
Астанада 8 мектепке қазақтың көрнекті тұлғаларының есімі берілді.
Бұл жайында қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп мәлім етті.
Оның айтуынша, Үкіметтің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 123 қаулысына сәйкес елордамыздағы 8 мектепке тарихи тұлғалардың есімі берілген.
№ 2 балалар музыка мектебіне Роза Бағланованың;
№ 3 балалар музыка мектебіне Ермек Серкебаевтың;
№ 11 мектеп-лицейге Өзбекәлі Жәнібековтің;
№ 49 орта мектепке Қошке Кемеңгерұлының;
№ 66 мектеп-лицейге Дінмұхамед Қонаевтың;
№ 69 мектеп-гимназияға Кемел Ақышевтың;
№ 77 мектеп-гимназияға Фариза Оңғарсынованың;
№ 83 мектеп-гимназияға Ыбырай Алтынсариннің аты ресми берілді.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»