Қазақстан Елшісі Үндістанның Сыртқы істер және мәдениет министрімен кездесті
Қазақстан Республикасының Елшісі Нұрлан Жалғасбаев Үндістанның Мемлекеттік сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхимен кездесті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесу басында тараптар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты жылы лебізін білдірді. Тараптар Қазақстан-Үндістан екіжақты қатынастарының барлық өзекті мәселелерін талқылап, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты.
Кездесу нәтижесінде тараптар «Орталық Азия - Үндістан» алғашқы саммиті барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жуық арада жүзеге асыру қажеттігі туралы ортақ түсіністікке келді.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»