«Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасының арқасында 15 937 пәтер салынды

 «Шаңырақ» тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуы нәтижесінде 15 937 пәтер салынды. Оның ішінде 2020 жылы — 9678, 2021 жылы 6259 пәтер.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еттію

«Жергілікті атқарушы органдардың несиелік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруы үшін Ұлттық банк 180 млрд теңге көлемінде облигациялық қарыз берді. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларды несиелендіру бойынша «Отбасы банкі» 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді. Биылғы жылдың 10 наурыздағы жағдай бойынша банк жалпы сомасы 189,6 млрд теңгеге 15 222 несие берген. Сонымен бірге 47,4 млрд теңгеге 3587 өтінім мақұлданды»,-делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылу барысы ҚР Үкіметінің тұрақты бақылауында. Жалпы «Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыруға 390 млрд теңге қаражат бөлінген.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте