Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды, деп хабарлайды  Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада брондалған дөңгелекті техника шығаратын және жаңартатын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытын аралап көрді.

Президентке отандық брондалған дөңгелекті машина шығару үдерісі көрсетілді және қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорны өнімдерінің көрмесі таныстырылды.

Мемлекет басшысына компанияның жұмысы мен отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайы жөнінде мәлімет берілді.

Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтіп, шығаратын өнімдерді техникалық тұрғыдан заман талабына сай жаңартуға шақырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте