Қытай астанасы Бейжің қаласында 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан түрегеп сырғанауда Александр Герлиц қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда жарыс жолына шықты. Ол еліміздің атынан аталған сайыста бақ сынаған жалғыз спортшы болатын.
Александр Герлиц мәре сызығын үшінші болып қиды. Ол жарыс жеңімпазы атанған канадалық Марк Арендзден 1:25.6-ке қалып қойды. Күміс жүлдені украиналық Григорий Вовчинский алды. Айта кетсек, бұл медаль - биылғы қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшылардың алғашқы жүлдесі.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes