Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

2022 жылдың наурызында қазақстандықтар мереке күндері мен демалыстарды қосқанда 12 күн демалады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Алдағы айда қазақстандықтар екі бірдей ресми мейрам – 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мен 22 наурыз - Наурыз мерекесін атап өтеді.

Халықаралық әйелдер күні қазақстандықтар 6,7 және 8 наурызда демалады.
8 наурыз биыл сейсенбі күнге түсіп тұрғандықтан 5 наурыз жұмыс күні болып саналады. Ал 7 наурыз демалыс күні болады.

Наурыз мейрамы биыл 21-23 наурыз аралығында тойланады. Сонымен қатар 19 және 20 наурыз сенбі мен жексенбі күндеріне түсіп тұр. Осылайша Наурыз мейрамында қазақстандықтар қатарынан бес күн - 19, 20, 21, 22, 23 наурызда демалады.

Естеріңізге сала кетейік, үкімет сенбі күніне түсетін 2022 жылдың 5 наурызын дүйсенбі 7 наурыздағы жұмыс күніне ауыстырды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте