Қарулы Күштерде ұшқышсыз басқарылатын құрылғылардың операторларын дайындайды
Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау орталығында ұшқышсыз ұшатын аппараттарды басқару бойынша мамандарды оқыту курсы өтпек.
Болашақ ҰҰА операторлары бұл құрылғының теориялық негіздерін және олардың материалдық бөлігін зерделейді. Сынақтар тапсырған соң білім алушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын алғаш рет өздері басқарып ұшыратын болады.
Қарулы күштердің қатысуымен өткізілетін оқу-жаттығулар мен іс-шараларды қамтамасыз ету барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс жасауда мол тәжірибесі бар білікті мамандар сабақтарды жүргізеді.
Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес Қарулы күштерді кешенді және жүйелі дамыту, елдің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыруда. Ұшқышсыз ұшатын технологияларды енгізу мен оларды қолдануға назар аударуда, олардың қолданылу аясы мен сұранысы кеңейу үстінде. Сонымен қатар, тиісті мамандарды даярлау қажеттілігі де артуда.
Бес жыл ішінде бұл Орталық 100-ден астам әскери қызметші дайындады. Алғашқы оқыған мамандар бүгінгі күні әскери бөлімдерінде өздерінің білімдерін бөлісуде. Өткен жылы курстық дайындыққа алғаш рет Зымыран әскерлері мен артиллерия өкілдері тартылды. Онда ұшқышсыз ұшатын құрылғыларын барлау мақсаттарына, атысты бағыттауға және оқ атуды түзетуге кеңінен қолданылады.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»