Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментімен «Свой дом» қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық ісі тергелуде.
Тергеу органы еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарымен «Свой дом» инвестициялық бағдарламасы бойынша төленген сомадан 7 күн ішінде 40%-ға дейін пайда табу шартымен келісім жасасқан күдіктіні анықтады.
Қаржы пирамидаларын құру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті көздейді, ол үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Свой дом» қаржы пирамидасының құрбанына айналған азаматтарға Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне немесе 8(7252) 77-14-48, 8-700-690-52-39 телефонына хабарласуды сұраймыз.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»