Премьер-министр журналистер сұрағына жауап бере алмайтын шенеуніктерді сынады

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет мүшелеріне қоғамға ашық болуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үкімет басшысы өткен аптада денсаулық сақтау министрі орынбасарының қатысуымен брифинг өткенін еске салды. Шара барысында вице-министр БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап бере алмаған.

"Денсаулық сақтау вице-министрінің журналистердің сұрақтарына нақты жауап бере алмағаны өкінішті. Ажар Ғиниятқызы (денсаулық сақтау министрі – Sputnik), осыған назар аударуыңызды сұраймын. Мұндай жағдайлар үкіметтің жұмысына кері әсерін тигізеді. Үкімет мүшелеріне журналистермен тығыз байланыста болуды тапсырамын. Біз қоғамға ашық болуымыз қажет", - деді Смайылов үкімет отырысында.

Премьер әрбір қабылданған шешімді дұрыс түсіндіру, қоғаммен ақылдаса отырып қабылдау – үкіметтің негізгі міндеті екенін атап өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте