Қазақстандық кәсіпорындарды алдап кеткен алаяқ БАӘ-ден қайтарылды

. Қазақстандық кәсіпорындарды 60 миллион теңгеден астам сомаға алдап кеткен алаяқ елге қайтарылды.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан ІІМ Интерполмен бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен 2015 жылдан бері аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген 43 жастағы қылмыскерді Қазақстанға қайтарды, деа хабарлайды Sputnik.

"Келтірілген шығын сомасы 60 миллион теңгеден асады", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда айыпталушы қамауға алынды.

Ведомство соңғы үш айда Интерпол жұмысының нәтижесінде Испания, Ресей, Бахрейн, БАӘ, Грузия, Венгрия және тағы басқа елдерден түрлі қылмыс үшін іздестіріліп жатқан 16 адам анықталып, ұсталғанын мәлімдеді.

Мысалы қаңтар айында Венгрияда хакерлік әрекеттер арқылы ақша ұрлағаны үшін Алматы полициясы іздестірген Румыния азаматы ұсталды. Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған. Күдікті Қазақстан, Ресей, Украина, Әзербайжан, Тайвань банктерінің шоттарына заңсыз қол жеткізу арқылы ақшаны банк карталарына аударып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырған.
Шығын сомасы 9 млн АҚШ долларынан асады. Қазір оны Қазақстанға беру мәселесі шешіліп жатыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте