ҚР премьер-министрі бірқатар кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Президенттің кеңесшісі Сума Чакрабартимен және БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесті.

Бұл туралы Үкіметтің ресми сайты сілтеме жасап хабарлайды.

С. Чакрабартимен ҚР Үкіметінің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын талқылай отырып, ұсынылған реформалар Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының негізі болып табылатыны айтылды.

Әзірленген шаралар кешені жол картасының 3 негізгі бағыты — экономикалық реформалардың стратегиясы мен бағдарламаларын жетілдіру, мемлекеттік басқару, коммуникация және бренд бойынша іске асырылатын болады. Сонымен қатар аумақтық-кеңістіктік дамудың үш қағидатын қамтитын, 2025 жылға дейінгі аумақтық даму жоспарын әзірлеу тақырыбы қозғалды.

«Кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды арттыру үшін өңірлік даму бағдарламалары енгізілетін болады. Үкімет өңдеу өнеркәсібінің экспортқа бағдарланған және импортты алмастыратын жобаларын қаржыландырудың тиімді тетігін әзірлейді», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.
БАӘ-нің ҚР-дағы төтенше және өкілетті елшісі Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арикимен кездесуде екіжақты келісімдердің іске асырылу барысы және инвестициялар тарту мәселесі талқыланды.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте